Сіздерді ресми өз блогымда қарсы алғаныма қуаныштымын. Өздеріңізбен тұрақты түрде жүйелі байланыста болып, ұсыныс-пікірлеріңізді оқып, көзқарасыммен бөлісемін. Орналасатын ақпараттар Абай ауданы туралы толығырақ білуге мүмкіндік береді деген сенімдемін. Сіздердің қолдауларыңыз ауданның дамуына арқашанда демеу болады екені сөзсіз. Ой-жоспарларыңыздың іске асуына тілектеспін!
Аудан әкімі Ж.Б.Байсабыров Архат, Қасқабұлақ, Кеңгірбай би, Медеу ауылдық округтерінде 2018 жылы атқарған жұмыстарының есебін берді.

Аудан әкімі Ж.Б.Байсабыров Архат, Қасқабұлақ, Кеңгірбай би, Медеу ауылдық округтерінде 2018 жылы атқарған
жұмыстарының есебін берді.

Аудан әкімі Ж.Б.Байсабыров Архат, Қасқабұлақ, Кеңгірбай би, Медеу ауылдық округтерінде 2018 жылы атқарған жұмыстарының есебін берді.
Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді және облыс әкімінің тапсырмаларын орындауда ағымдағы жылы ауданда біршама жұмыстар атқарылғандығы жөнінде баяндады.
Есеп беру кездесуінде бірқатар ұсыныстар айтылып, нақты тапсырмалар берілді.

Пікірлер (0)
Аудан әкімі Ж.Б.Байсабыров Көкбай, Құндызды, Саржал, Тоқтамыс ауылдық округтерінде 2018 жылы атқарған жұмыстарының есебін берді.

Аудан әкімі Ж.Б.Байсабыров Көкбай, Құндызды, Саржал, Тоқтамыс ауылдық округтерінде 2018 жылы атқарған
жұмыстарының есебін берді.

Аудан әкімі Ж.Б.Байсабыров Көкбай, Құндызды, Саржал, Тоқтамыс ауылдық округтерінде 2018 жылы атқарған жұмыстарының есебін берді.
Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді және облыс әкімінің тапсырмаларын орындауда ағымдағы жылы ауданда біршама жұмыстар атқарылғандығы жөнінде баяндады.
Барлық ұйымдастыру, саяси жұмыстар Елбасы Жолдауын халыққа түсіндіруге, қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты сақтауға, ұлттық идеяны және қазақстандық патриотизмді насихаттауға бағытталды.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін берген бірқатар мемлекеттік бағдарламалар халықтың әлеуетін арттыруға өз септігін тигізуде. Үкіметтік бағдарламалар игілігін дұрыс пайдаланудың нәтижесінде аудан экономикасы көтеріліп, елдің әл-ауқаты артуда.

Пікірлер (0)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері, жерлесіміз, ақиық ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлына арналған «Сыры жұмбақ парасаттың ұлымын» атты кездесу кеші өтті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері, жерлесіміз, ақиық ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлына арналған «Сыры жұмбақ парасаттың ұлымын» атты кездесу кеші өтті.
11 қаңтар күні сағат 16.00-де аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері, жерлесіміз, ақиық ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлына арналған «Сыры жұмбақ парасаттың ұлымын» атты кездесу кеші өтті.
Т.Әбдікәкімұлы – қазіргі заманның бейнелейтін, рухани танымды мәселелердің қайнары «Ақшам хаттары», «Ырауан», «Қас Сақ Аңқымасы», «Алқоңыр дүние», «Бесінші маусым жұпары» сияқты т.б өлең жинақтарының авторы.
Кеш басында аудан әкімі Ж.Б.Байсабыров және аудандық мәслихат хатшысы Е.А.Лдибаев Т.Әбдікәкімұлын құттықтап, «Абай ауданының Құрметті азаматы» атағын табыстады.
Кеш жүргізушісі ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі төлеген Жанғалиев болды. Ақын Құсмилия Нұрқасым Тыныштықбек Әбдікәкімұлының өмірінен қызықты оқиғалармен бөлісті. Ал Бауыржан Игілік «Сені сүю» әнін орындады. Ақынның өмірі мен шығармашылығынан кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кеш соңында Тыныштықбек Әбдікәкімұлы ұйымдастырушылар алқасына өз алғысын білдіріп, кітапханаға өз кітаптарын сыйға тартты.

Пікірлер (0)
Қорды қадағалайтын комиссия жұмысын бастады.

Қорды қадағалайтын комиссия жұмысын бастады.
Қарауыл ауылында бой көтеретін Тоқтамыс батыр ескерткішіне қаржы жинау мақсатында аудандық «Парыз» қоғамдық қорына қаражат түсіру және оның жұмсалуын қадағалау үшін құрылған комиссияның алғашқы отырысы өтті.
Бұл комиссия өтіп бара жатқан 2018 жылы Қарауылдағы Абай ескерткішінің бой көтеріп, құтты тұғырға тұруына байланысты. Қаржылай қолдау жасауды ұйымдастырып, айрықша қызмет жасаған еді.
Сондықтан ХVІІІ ғасырдағы қазақ-қалмақ соғысының қас батыры атанған, ұлы Абылай хан бастаған, Қабанбай, Бөгенбай қостаған батырлармен бірге бір ту астында қазақ елін жаудың босатуда ерлігімен айрықша көзге көрінген Тоқтамыс батырға ескерткіш орнату жөніндегі жауапты бұл іс осы комиссияға тағы да жүктелді.
Алғашқы отырысты аудандық мәслихат хатшысы, комиссия төрағасы Е.Лдибаев ашып, құрылған комиссияның жұмыс бағытын белгілеп оның құрамындағы өзгерістермен таныстырып, қор реквизитін көрсетіп, сөзден іске көшіп, қаржы жинау мәселесін жеделдету керек деген ой айтты.
Комиссия мүшелері Т.Жанғалиев, Б.Орынбаев, М.Мұқанов сияқты аға буын өкілдері төраға сөзін құптап, қаржы жинаудың көздері мен жаңа мүмкіндіктерін табу жөніндегі ойларымен бөлісті.
Сонымен қатар, өткен бір жиында айтылған Тоқтамыс бабаға Семей қаласынан көше беру, оның ерліктерін дәріптеп, насихаттайтын кітап шығару жөніндегі ұсыныстар талқыланды. Жан-жаққа жіберілетін хат жобасы мақұлданды.
Сөзден іске демекші.
Тоқтамыс баба ұрпағы, өзі де осы іске бастамаша болып, газетке толағай мақала жазып,көңілі алаңдап жүрген Т.Жанғалиев ағамыз алғашқылардың бірі боп, «Парыз» қоғамдық қорына 100,000 теңге қаржы аударыпты.
Бәрекелді дестік. Төкеңнің қаржы құюдағы жылдам әрекеті мен өнегелі ісі басқаларға үлгі болсыншы деген оймен отырысты аяқтадық.
Аудан орталығы Қарауыл ауылында бой көтеретін Тоқтамыс батыр ескерткішіне қаржы жинау мақсатында «Парыз» қорына қаражат түсу, жұмсалуын қадағалау мақсатында құрылған комиссияның құрамы:
Комиссия төрағасы:
Лдибаев Ерлан Арнаұлы-аудандық мәслихаттың хатшысы, комиссия төрағасы.
Мүшелері:
Жанғалиев Төлеген Жанғалиұлы- ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.
Аманғазы Төлеубек Аманғазыұлы- аудандық қоғамдық кеңес төрағасы.
Белібаев Ардақ Сағадиұлы- аудандық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер.
Орынбаев Байбота Төлеуғалиұлы- еңбек ардагері.
Мұқанов Майдан Мұқанұлы-спорт ардагері.
Әбділдин Ораз Ақанұлы- «Хан» ш/қ жетекшісі.
Мырзақасым Әсет Медеуханұлы- «Абай елі» газетінің редакторы.
Мұхтаров Дәулет Мүбәракұлы- аудандық мәслихаттың депутаты.
Бейсенбай Базарбай-еңбек ардагер.
Төлепқазы Мархабат –кәсіпкер.

Пікірлер (0)
Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Игембаев Құсайын Абзалбекұлының қатысуымен аудан активі отырысы өткізілді.

Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Игембаев Құсайын Абзалбекұлының қатысуымен аудан активі отырысы өткізілді.
«Ауданда азаматтармен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын қорғау бойынша прокуратура органдарының үлесі. Заңдылықты сақтау бойынша атқарылған жұмыстардың жағдайы» жөнінде аудан прокуроры С.Слямханов, «Ауданда құқық бұзушылық және қылмыспен күрестің жағдайы, қылмыстардың ашылу деңгейі. Мал ұрлықтарының алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде» аудандық полиция бөлімінің бастығы Н.Хозаев баяндамаларын жасады.
Жиын қорытындысы бойынша аудандық прокуратураға, полиция бөлімінің бастығына, ауыл әкімдеріне бірқатар тапсырмалар беріліп, ұсынымдар жасалды.

Пікірлер (0)
«Жаңа жыл-2019» мерекесі.

«Жаңа жыл-2019» мерекесі.

30 желоқсан күні Абай ауданында аудан әкімінің халыққа арналған Жаңа жылдық «Көгілдір от» кеші өтті.
Мерекелік бағдарлама аясында Қазақ күресінен Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, қазақ күресінен екі дүркін «Әлем Барысы», Құрмет Орденінің иегері Айбек Нұғымаровты жерлестері шашу шашып қарсы алды.
Аудан әкімі Байсабыров Жарқынбек Борашұлы Жаңа 2019 жыл мерекесімен аудан халқын құттықтап сөз сөйледі. Сондай-ақ, Айбек Нұғымаровқа, жеке бапкері КСРО-ға еңбек сіңірген жаттықтырушы, Халықаралық дәрежедегі төреші, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері, Құрмет Орденінің иегері Қоржыкенов Серік Сәпенұлына ел атынан атынан алғыс айтып құрмет көрсетті.
Сонымен қатар, мерекелік кеште флешмоб, ойындар, сайыстар ұйымдастырылды. Жаңа жылға арнайы киініп келген үздік костюмдерге бағалы сыйлықтар табысталды.
«Қаламқас» халық ән-би ансамблінің жаңа жылға арналған мерекелік концертін көрермендер ықыласпен тыңдап, ризашылықтарын білдірді.
Мереке соңында Жаңа жылға арналған «От шашуды» тамашалады.

Пікірлер (0)
Құрметті жерлестер, ардақты ардагерлер, қадірменді замандастар!

Құрметті жерлестер, ардақты ардагерлер, қадірменді замандастар!

Санаулы сәттерден кейін қасиетті де киелі қазақ жеріне, Тәуелсіз елімізге, әр жанұяға Жаңа 2019 жыл қадам басады. Жаңа жыл – өткен жылға көз жүгіртіп, таразылайтын, жүріп өткен бір жылға баға беріп, жаңа бастамалар мен ізденістерге тың қадам жасайтын, жақсылыққа ұмтылатын, жаңаша ойлауға жол сілтейтін ерекше мереке.
Таяуда ғана жариялаған мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының заңды жалғасы ғана емес, еліміздің рухани дамуындағы жаңа кезеңнің бастауы. Бұл – қазақ елінің әлемдік өркениетте алар орнының нақты дәлелі, халқымыздың біріге түсуге жасалған зор тарихи мүмкіндік. Айқындалған ортақ мақсатымыз бар, ол – әлемнің дамыған отыз елінің қатарына қосылу ниетін ақиқатқа айналдыру және «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру.
Тәуелсіз еліміз бүгінгі күні – шекарасын бекітіп, экономикасын нығайқан, Еуразия төсінде жаңа Астанасын салған, ата-бабаларымыз армандаған Егемен, алпауыт мемлекетке айналды. 2050 жылға дейін дүние жүзіндегі маңдайалды дамыған 30 елдің қатарына ену мақсатын алдымызға қойдық. Аталған межемізге біздер күмәнсіз жетеміз. Себебі бізді бір Отан, бір тағдыр, бірінші Президент біріктіреді!
Өтіп бара жатқан 2018 жыл ауданымыз үшін ерекше мерейлі меже болды. Биыл халық болып, ауданымыздың 90 жылдығын, Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығын және Астанамыздың 20 жылдығын атап өттік. «Туған жер» бағдарламасы аясында Ұлы Абайдың ескерткіші бой көтерді. Бұл шараларға қатысу, елдің елдігін, береке бірлігін танытатын істерге өз үлесімізді тигізу – біздің маңдайымызға бұйырған мерейлі мәртебе, еншімізге тиген ерен бақыт.
Бүгінде Елбасының салиқалы саясатының арқасында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың және облыс басшысының қарқынды қолдауының негізінде ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық маңызды мәселелері кезең-кезеңімен шешімін тауып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда белсенді жұмыстар атқарылды.
Бұл – іргелі елдігіміздің, ынтымағы мен бірлігі жарасқан Абай елінің ерен еңбегінің жемісі.
Баршаңызды сайын даланы сағындырып, шаттығын ала келген Жаңа 2019 жылмен шын жүректен құттықтаймыз.
Жаңа жыл әр шаңыраққа құт-берекесімен еніп, қуаныш пен шаттыққа кенелткей және елімізге мол жақсылығы мен игілігін ала келсін.
Жаңа жылдарыңызбен!

Пікірлер (0)
«Жайнай бер, Ұлы Қазақ Елім!» атты жаңа жылдық шырша мерекелік шарасы болып өтті.

«Жайнай бер, Ұлы Қазақ Елім!» атты жаңа жылдық шырша мерекелік шарасы болып өтті.
2018 жылдың 28 желтоқсан күні Абай ауданы Қарауыл ауылындағы «Атамекен» мейманханасы кешенінде Абай ауданы әкімінің «Жайнай бер, Ұлы Қазақ Елім!» атты жаңа жылдық шырша мерекелік шарасы болып өтті.
Мақсаты: Оқушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, достық қарым-қатынастарын нығайту. Аудандық білім бөлім тарапынан ұйымдастырылған мерекелік шараға әр мектептен көпбалалы, аз қамтылған және қорғаншылық есепте тұратын әлеуметтік тізімдегі отбасы балаларынан жиыны 100 бала қатысты. Мерекенің басында аудан әкімі Ж.Байсабыров балаларға ақжарма тілегін білдіріп, сабақтарын жақсы оқып, еліне адал қызмет ететін азаматтар болып өсуін тіледі. Шара барысында арнайы әзірленген мерекелік дастархан басында бүлдіршіндер Ж.Кәрменов атындағы саз мектебі ұжымының әзірлеген концерттік бағдарламасын тамашалап, тәтті сыйлықтар мен аудан әкімінің арнайы ақ тілегі жазылған ұлы ақын Абай шығармалары мен халқымыздың данагөй тұлғаларының шешендік сөздері қамтылған кітаптар сыйға тартылды.

Пікірлер (0)
«Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік ертеңгілік болып өтті.

«Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік ертеңгілік болып өтті.
2018 жылдың 27 желтоқсан күні Баян Байғожина атындағы ясли-бақшасында «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік ертеңгілік болып өтті. Жиыны 265 бүлдіршін қамтылған мерекелік шараға аудан әкімі Ж. Байсабыров арнайы қатысып, бүлдіршіндер өнерін тамашалады. Мекеме сыртында мұздан соғылған ертегіден сыр шертер түрлі кейіпкерлер әлемі мереке мазмұнын айшықтай түсіп, бүлдіршіндер мен ата-аналар қауымына жақсы мерекелік көңіл-күй сыйлады. Білікті де тәжірибелі басшы Л. Орынғожина басқарып отырған ясли-балабақша ұжымы облыстық «Қар қалашығы» сайысы бойынша қатарынан 3 мәрте Бас жүлдені жеңіп алғанын мақтанышпен айта кетуіміз керек.

Пікірлер (0)
Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Ұлттық қасиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Жерінің асты ырыс-құт, байлыққа, жерінің үсті парасатты халыққа толы Қазақстан бүгінде бүкіл әлем таныған, төрткүл дүние төрінен ойып, орын алған ілгері ел дәрежесіне жетті.
Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз егемендік алып, елдігін жариялаған уақыттан бері толағай табыстарға кенелді. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Бұл – біздің бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің жемісі, бұл – біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының жеңісі.
Еуразия жүрегінде, өркениеттердің ұштасқан орталығында талай ұлт пен ұлыстың қызырлы мекеніне айналған ұлы далада азат елдің азаматы атанғаннан асқан бақыт жоқ.
Елбасы өз сөзінде «Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шындап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Тарих көші ұзақ. Асықсақ та аптықпайық. Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемін» деген еді.
Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз.
Мемлекетіміздің мерейлі мерекесіне Абай елінің халқы үлкен саяси өрлеу, береке-бірлік, көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып отыр. Аудан әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша облыста алдыңғы орынға тұрақтады. Ауылдарымыз ажарланып, көшелеріміз жарықтанып, абаттанып, көркейе түсті. Ауданымызда мәдениет, білім, денсаулық, спорт салаларында оң өзгерістер орын алып, халық рухы көтерілді.
Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс-ынтымақ тілейміз. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

Абай ауданының әкімі Ж. Байсабыров

Пікірлер (0)