Сіздерді ресми өз блогымда қарсы алғаныма қуаныштымын. Өздеріңізбен тұрақты түрде жүйелі байланыста болып, ұсыныс-пікірлеріңізді оқып, көзқарасыммен бөлісемін. Орналасатын ақпараттар Абай ауданы туралы толығырақ білуге мүмкіндік береді деген сенімдемін. Сіздердің қолдауларыңыз ауданның дамуына арқашанда демеу болады екені сөзсіз. Ой-жоспарларыңыздың іске асуына тілектеспін!
26 маусым күні Абай аудандық мәслихатының құрылғанына 25 жыл толуына арналған салтанатты шара өтті.

26 маусым күні Абай аудандық мәслихатының құрылғанына 25 жыл толуына арналған салтанатты шара өтті.

Онда аталған органның өткен жылдардағы жасаған жұмысы қорытындыланды. Осы уақыт ішінде Абай аудандық мәслихаты өңірдің қоғамдық – саяси, әлеуметтік – экономикалық салаларындағы істердің жүзеге асуына үлестерін қосып келеді. Қоғамдағы өткір мәселелер, халықтың мұң – мұқтажы елдің дамуы үшін еңбек ететін органның назарынан тыс қалған емес.

Шара барысында ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына үлкен үлес қосып, ел арасында тұғыр-тұлғасымен ерекше беделге ие алдыңғы буын өкілдері, депутаттық мандатқа ие болған азаматтар арнайы қатысып, мерекелік медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Жергілікті өкілді орган Мәслихаттардың құрылғанына ширек ғасыр уақыт толуымен шын жүректен құттықтаймын!

Пікірлер (0)
Арыс қаласында болған апатты оқиғаға байланысты Абай ауданының тұрғындарына ҮНДЕУ.

Құрметті жерлестер, мекеме басшылары, шаруа қожалығы жетекшілері және кәсіпкерлер!
24 маусым күні Арыс қаласында болған апатқа барша Қазақстан халқымен бірге Абай ауданы тұрғындары да қабырғасы қайысып, айдың-күннің аманында абыр-сабыр болып қалған елге алаңдаулы.
Бұл апат – қазақ елінің күтпеген жағынан, тоспаған тұсынан келген сынақ. Абдырап анасы, жәутеңдеп баласы, маңырап мал-жаны, қаңырап үй-жайы қалған арыстықтардың бұл қиындығын ел болып иық тіресе көтерісу – барша қазақ жұртының жүрегінде тұрған тілек.
Абай елі Арыс халқын қолдау мақсатында елдің елдігін, береке-бірлігін танытып, «Қамқорлық» қоғамдық қоры арқылы өз үлестерін қосуда. Бүгінгі таңда барлық мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер мен дәрігерлер, қарапайым жұмысшылар бір күндік еңбекақысын қор есеп-шотына аударуды бастады.
Осы орайда ауданның барша іскер азаматтарын, шаруақожалығы жетекшілерін, кәсіпкерлерін, ардагерлері мен жастар қауымын – жалпы тұрғындарды жанашырлық пен бауырмалдықтың үлгісін көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз!
«Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос!» деп Ұлы Абай атамыз айтып кеткендей, аудан халқы ертеңіне алаңдаған әрбір қазақ баласын жалғызым деп бағалаған тектілік жолынан айнымайды деп сенеміз!
Біз Арыспен біргеміз!
«Қамқорлық» қоғамдық қорының реквизиттері
БИН 070540015048
ИИК: KZ 096010261000026113
БИК: HSBKKZKX
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ,
Кбе 18
Кнп 890
Атқарушы директоры: Қалдыбай Венера Бейсенғазықызы
Байланыс тел: 8/72252/92235

Пікірлер (0)
Құрметті мемлекеттік қызметшілер, полиция қызметкерлері!

Құрметті мемлекеттік қызметшілер, полиция қызметкерлері!
Сіздерді 23 маусым “Мемлекеттік қызметшілер” күні және “Қазақстан полиция” күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Егемен еліміздің дамуы мен өркендеуі, мемлекетіміздің жарқын болашағы жолындағы еңбектеріңіз игі істер мен табыстарға толы болсын!

Пікірлер (0)
Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды.

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды.
Абай ауданы бойынша мектеп бітіретін түлектер саны 144 оқушы. ҰБТ-ға қатысатын оқушылар саны 106. Қазақ тілінде 94, орыс тілінде 12 түлек тапсырады.
Құрметті түлектер! Еліміздің болашағы – Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан алдағы сынақтан сүрінбей, терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел сенімін ақтар азамат болуларыңызға тілектеспін.
Сəттілік тілеймін!

Пікірлер (0)
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін еліміз жаңа тариxи кезеңге аяқ басты. Қадамымыз қайырлы болсын.
Іштегі тұрақтылық болса, реформалар одан әрі қарай ойдағыдай жалғасады – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Жақсылықтарға ауызбіршілігімізбен бірге жетейік.
Елбасы бастаған игі істер жалғасын тапсын.
Еліміздің абыройы биік, көк аспаны тыныш болсын!

Пікірлер (0)
Ұлылар елінің ұланы, мақтанышымыз Айбектің жеңісі құтты болсын!

Ұлылар елінің ұланы, мақтанышымыз Айбектің жеңісі құтты болсын!
Қасиетті Абай жұрты даңқы батырларын әрдайым мақтан тұтады.
Тәуелсіз қазақ елінің атынан әлемге паш ететін, Туған жерге өз үлесін қосып жүрген, елге үлгі болар батырларымыздың қатары арта берсін. Жеңіс көп болсын!

Пікірлер (0)
Қымбатты жерлестер!

Қымбатты жерлестер!

Баршаларыңызды бүкіл мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!

Отыз күні ораза ұстап, ауыз бекіткен адамдардың жан дүниесін, сана-сезімін тазартып, көңілін қуанышқа бөлейтін, реніштен тазалайтын бұл мереке отбастарыңызға құт-береке әкелсін.

Ораза айт күндері ауданымыздың әрбір шаңырағында шаңырағында шелпек, бауырсақ пісіріліп, әр үйде әдеттегіден сәні де, салтанаты да ерекше мерекелік дастархан жайылып, қонақтар шақырылатыны сөзсіз. Сонымен қатар, жағдайы төмен адамдарға жәрдем көрсетіліп, олар да мейрамнан тыс қалдырылмайды.

Сіздерге ырыс-ынтымақ, береке-бірлік, шаттық пен қуаныш, әр шаңыраққа бақыт тілеймін!

Ел іргесі аман, Тәуелсіздігі баянды болсын!

Пікірлер (0)
Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Халқымыз ежелден өз ұрпағына қамқорлық жасап, оны өзінің үміті, асылы, қымбаттысы, әулетінің болашағы санаған. «Балалы үй – базар», «Бала – адамның бауыр еті» деген сөздер халқымыздың өз өмірінің жалғасына деген шексіз махаббатын білдіреді.
Бар жақсылығын баларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі саналы болып ержетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын. Мемлекетіміздің саясаты да алдымен балалардың дұрыс өсіп жетілуіне, тәрбиеленуіне үлкен көңіл бөлуде. Бүгінгі жас ұрпақ – ертең ел тәуелсіздігін баянды етіп, бабалар аманатын алғы күндерге апаратыны анық.
Бүгінде облыстық, республикалық білім, өнер додаларында алдыңғы қатардан көрініп келе жатқан Абай елінің жас өрендеріне тәлім-тәрбие беріп, білімге, өнерге баулудағы еңбектеріңізге жеміс тілеймін.
Қашанда ашық аспан аясында оқуда үздік, өнерде алда жүрген балаларымыздың жүзінен күлкі, қуаныш, шаттық кетпесін!
Әрбір отбасында балалар саны артып, еліміздің тұғырын биік ұстайтын бүлдіршіндеріміз өсе берсін!

Аудан әкімі Ж. Байсабыров

Пікірлер (0)
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы Жарлыққа қол қойды

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы

2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) 2019 жылғы 1 шілдеге дейін 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын (бұдан әрі – Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы) дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрсын;
2) 2019 жылғы 1 қазанға дейін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды бекітсін;
3) Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейін кешенді жаңғырту жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
4) 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізсін;
5) Абай Құнанбайұлының еңбектерін кең таралған негізгі шет тілдеріне сапалы аударуды жүзеге асыру, басып шығару және халықаралық ілгерілету жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
6) Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын Біріккен Ұлттардың Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) мен Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) аясында мерекелеуді ұйымдастыру жөніндегі мәселені пысықтасын;
7) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 30 мамыр

Пікірлер (0)
Қарқаралыда Құнанбай Қажы мен Абайға (бала кезі) ескерткіш ашылды.

Қарқаралыда Құнанбай Қажы мен Абайға (бала кезі) ескерткіш ашылды.

Абайды әлемге танытқан – Әуезов. Әуезовті әлемге танытқан – Құнанбай. Күллі қазақтың, күллі өркениеттің жарық шамына айналып кеткен Абайдың әкесі Құнанбай тегінен текті, би әрі шешен, мінезі мен ерге тән қасиеттілігімен елден ерекше болған. Тумысы мен болмысы бөлек Құнанбайдың ұлы адамға айналуы бертін келе емес, бала күнінде-ақ сезілген. Жидебайға бара қалсаңыз мына бір аңызды халық жаппай айтып береді. Тегінде Құнанбай бала, анасы Зере қолынан жетектеп алып бата сұрауға алыстан ат терлете отырып Кеңгірбай биге барған. Ол кезде Кеңгірбай бидің атағы аспандап тұрған кез. Оның оң батасын алу екінің бірінің қолынан келе бермесе керек. Есіктен төрге жол алып, бата сұрай келген Зереге қараған Кеңгірбай жанында тұрған жас балаға ұзақ қадалып қараса керек, кейін үнсіз отырып батасын беріпті. Бірақ «Тоғыз ата толғанша, түңлігіңді ешкім ашпасын» деп теріс батасын берген дейді. Аталы сөздің астарын түсінген Зере ана көз жасын көл қылып үйіне қайтқан. Бірақ дәретсіз Құнанбайды емізбеген ананың жүрегі қайта-қайта осы үйге тартқан болу керек, екінші рет қайта келіп бата сұраған. Кеңгірбай тағы да сол батасын беріп, есіктен үнсіз шығарып салған. Көңілі құлазған ана намысын ысырып, би алдында баласының бағын ашу үшін үшінші рет қайта келеді. Осы жолы да сол батаны алып, үміті үзіліп, еңіреген күйі далаға қарай кетіп бара жатқанда, артынан қарап тұрған Кеңгірбайдың бәйбішесі: «Құдай-ау мұның не? Бір емес, екі емес, үшінші рет келіп отырған Зеренің баласына батаңды қимадың ба?!» десе биекең: «Тәйт, сен әліптің артын бақпай сөйлеме. Сыртқа шығып артынан қарашы» деп бұйырады. Бәйбіше есік алдына шығып Зере мен Құнанбайдың артында кетіп бара жатқан екі итті көріп: «Ертіп бара жатқан екі итті айтасың ба?»– дегенде барып: «Бұл екеуі ит емес, күшік күнінен өсірген арландарым. Бұлар екеу емес төртеу еді, мына Зеренің баласына төртеудің екеуі еріп барады. Бұл тегін емес. Мен теріс батамды берген күннің өзінде, ол менің екі қасиетімді әкетіп барады, менің де ұрпағыма бірдеңе қалсын дегенім»,– деп, қысқа қайырыпты.

Пікірлер (0)