Сіздерді ресми өз блогымда қарсы алғаныма қуаныштымын. Өздеріңізбен тұрақты түрде жүйелі байланыста болып, ұсыныс-пікірлеріңізді оқып, көзқарасыммен бөлісемін. Орналасатын ақпараттар Абай ауданы туралы толығырақ білуге мүмкіндік береді деген сенімдемін. Сіздердің қолдауларыңыз ауданның дамуына арқашанда демеу болады екені сөзсіз. Ой-жоспарларыңыздың іске асуына тілектеспін!
“Толағай Сұлтаны 2019 ” халықаралық спорттық-шығармашылық сайысы өтті.

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған “Толағай Сұлтаны 2019 ” халықаралық спорттық-шығармашылық сайысы өткенін білесіздер. Бірнеше турдан тұратын осы байқауда Абай ауданының намысын қорғаған Айдос Үркімбаев сынды азаматымыз Бас жүлдеге ие болып, “Лада гранта” автокөлігін жеңіп алды. Сайысқа Моңғолия, Ресей республикасынан, еліміздің барлық облыстарынан және облысымыздың қалалары мен аудандарынан жиыны 23 жігіт қатысты. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Ұлы Абайдың мерей тойына байланысты жарияланған Қаулысымен тұспа тұс келген бұл жеңіс аудан жұртшылығының қуанышын еселеді. Абай елінің абыройын асқақтатқан сегіз қырлы бір сырлы азаматымызды ел болып қарсы алып,жұрт болып төбемізге көтердік.

Пікірлер (0)
«Birge Taza Kazakhstan»

«Birge Taza Kazakhstan»

Бүгін «Birge Taza Kazakhstan» республикалық экологиялық тазалық акциясына Абай ауданының жастары, мемлекеттік қызметшілер бірлесіп Оспан көлдің жағасын тазалады. «Табиғат – тал бесігің, аяла, қорғай біл, тазалығын сақта!»

Пікірлер (0)
Абай атамыздың 175 жылдығына орай ақын оқуларын жатқа оқу эстафетасы.

Пікірлер (0)
Архат ауылында парктің ашылу салтанаты болды.

Архат ауылында совет одағының батыры З.Белібаев паркіне аудандық бюджеттен 4 млн 200 мың теңге қаражат бөлініп жөндеуден өткен болатын. Бүгін Архат ауылында парктің ашылу салтанаты болды.

Пікірлер (0)
Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Бүгін облыс әкімі Д.К.Ахметовтың тапсырмасы аясында Абай ауданының көпбалалы отбасыларына бөлінген 11 млн теңгеге ауданымыздағы Қарауыл ауылына 3 үй, Кеңгірбай би ауылына 1 үй кілтін көпбалалы отбасыларына табыс еттім. Үй иелеріне шын жүректен қоныс құтты болып, бақытқа, қуанышқа толы болсын деймін.

Пікірлер (0)
“Ұлы даланың жеті қыры ” мақаласына орай және “2019 – Жастар жылы” аясында аудандық “Шыңғыстау серісі – 2019” сайысы өтті.

“Ұлы даланың жеті қыры ” мақаласына орай және “2019 – Жастар жылы” аясында аудандық “Шыңғыстау серісі – 2019” сайысы өтті. Жеңіске жеткен серілерді шын жүректен құттықтаймын! Абай ауданының намысын қорғайтын 8 қырлы 1 сырлы азаматтарымыз көп болсын!

Пікірлер (0)
Семей қаласында салынып жатқан мешітке Абай елі атынан бір топ зиялы қауым өкілдері және 25 жас азаматтар барды

Семей қаласында салынып жатқан мешітке Абай елі атынан бір топ зиялы қауым өкілдері және 25 жас азаматтар барды, құрылыс басында ірі қара малы құрбандыққа шалынып жумысшыларға таратылып берілді Ел игілігі үшін қызмет жасап жатқан Тұрсын Тастекеев ағамызға және отбасына ел атынан рахметімізді айтып ниетімізді білдірдік .Арнайы барған жастарымыз күні бойы құрылысқа көмектесіп сауапты іс жасады

Пікірлер (0)
Ардақты ағайын! Сіздерді Мемлекетіміздің елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ардақты ағайын!
Сіздерді Мемлекетіміздің елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Елдігіміздің нышаны, береке-бірлігіміздің ұйытқысы, абыройымыздың айғағы болған Елордамыз – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен «Нұр-Сұлтан» қаласы болып аталды.
Бұл кемел елдің кемеңгер басшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа деген бүкіл халықтың құрметі деп білеміз.
Бүгінгі мереке тек қана Астаналықтар үшін емес, сонымен қатар әрбір қазақстандық үшін маңызды.
Нұр-Сұлтан қаласының күні мерекесі – жалпы республика халқы болып тойлайтын атаулы мейрам.
Елорда – еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің нышаны, халқымыздың мақтанышы.
Астанамыздың келбеті – ұлт келбеті, ежелгі қазақ жерінің төрі. Жарқын келешектің нысаны – жас қала өзінің әсемдігімен күллі әлемді тамсандырып, күн санап гүлденуде.
Қазақ елі болашағының қаласы атанған бас қаламыз – мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің тұғыры.
Елорда құрылысы – мемлекетіміздің жасампаздыққа ұмтылысының, қоғам жаңаруының ерекше символына айналған кұбылыс.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының көрегендігімен бас қала атанған, ажары кіріп, айбыны асқақтаған Елорда бүгінгі күні еліміздің бойтұмарына айналды.

Бүгінгі Нұр-Сұлтан қаласы – саяси көшбасшылар, іскер серіктестер мен инвесторлар, діндер мен конфессия өкілдері, зиялы қауымның кездесіп, кеңес құратын орнына, шығармашылық жоспарларды, инновациялық идеялар мен батыл бастамаларды жүзеге асыру алаңына айналды.

Біздің жас та көркем, қадамы нық Бас қаламыздың жыл өткен сайын маңызы артып, мәртебесі өсе түсуде. Қай-қайсымыз да Елорданың тарихымен, дәстүрімен, мәдениетімен және қайталанбас қолтаңбасымен мақтанамыз.

Астана – сәні мен салтанаты жарасқан ғажайып қала ғана емес, қазақ халқының сан ғасырлық армандарының ақиқатқа айналуының дәлелі, бүгіні бекем, келешегі кемел елдігіміздің айғағы.

Елордамыз көркем келбетімен, сәулеті мен дәулеті жарасып, әлем халықтарын бірлікке, ынтымаққа шақырған мерейлі мекенге айналуы – мемлекет жетістіктерінің бірегейі.
Ол – Қазақстанның жаңаруының нышаны, қазақ елінің жасампаз күш-қуатының куәсі. Астанасы айбынды ұлттың өзінің болашағына, ұрпағының ертеңіне деген сенімі зор.
Бүгінгі мереке 6 шілде – Нұр-Сұлтан қаласының күніне орай, баршаларыңызға бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш тілеймін.
Еліміз аман, елдігіміз Мәңгілік болсын!

Пікірлер (0)
28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні мерекесіне орай Қарауыл ауылынындағы М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапханада ауданда баспасөз саласында қызмет жасаған ел ағаларын, журналистерді құттықтау, марапаттау шаралары өтті.

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні мерекесіне орай Қарауыл ауылынындағы М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапханада ауданда баспасөз саласында қызмет жасаған ел ағаларын, журналистерді құттықтау, марапаттау шаралары өтті.
Ел көңілін қаламмен тербеп жүрген журналистер қауымымен дөңгелек үстел барысында ашық-жарқын әңгіме құрып, алдағы уақыттағы атқарылар жұмыстар туралы пікірлесті.
«Дөңгелек үстел» форматында өткен мерекелік іс-шараны ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұ.Сағадиев жүргізіп отырды. Аудан әкімі журналистер қауымын құттықтай келе, ұзақ жылдар «Семей таңы», аудандық «Совхоз туы», «Абай елі» газеттерінде қызмет жасаған аға буын журналистерді және жергілікті басылым қызметкерлерін марапаттау шараларын жасады.
Сондай-ақ, кәсіби мерекемен құттықтау үшін арналйы келген мекеме басшылары атынан Абай аудандық сотының төрағасы Ербол Елібекұлы және аудандық полиция бөлімінің басшысы Нұрлан Советқалиұлы құттықтау сөз сөйледі.
Өз кезегінде аудандық «Абай елі» газетінің редакторы Ә.Мырзақасым, «Абай ауданының Құрметті азаматтары» Байбота Орынғалиұлы, Төлеген Жанғалиұлы және «Семей таңы» газетінің байырғы тілшісі Базарбай Бекқалиұлы пікір білдіріп, рахметін жеткізді.

Пікірлер (0)
Аудан әкімдігінің отырысы болып өтті.

Аудан әкімдігінің отырысы болып өтті.

27 маусым 2019 жылы аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімдігінің отырысы болып өтті.
Отырысқа әкімдік мүшелері, аппарат қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім, мекеме басшылары, мектеп директорлары қатысты.

Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды:
Хабарламалар:
1. Бейресми жұмыспен қамтылғандардың, тұрғындардың мәртебесін анықтау, қызметтерінің заңдастырылуы, оңтүстік өңірдің тұрғындарын шығысқа көшіру, бірыңғай жиынтық төлем аудару, жастар іс-тәжірибесі, бос жұмыс орындарына орналастыру және шағын несиелердің қайтарылуы туралы
2. Аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалысы туралы
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы
Ақпараттар:
1. Белсенді шараларына қатысудан бас тартқан адамдармен жүргізілген жұмыстар, Абай колледжінің түлектерін, тиісті біліктілігі бар аудан тұрғындарын «БАСТ», «Қаражыра» және тағы да басқа кәсіпорындарға орналастыру мәселесі туралы
2. Аудан бойынша мал ұрлығының, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы
3. Ұлттық біріңғай тестілеу нәтижесі туралы

Жиын қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Пікірлер (0)