Сіздерді ресми өз блогымда қарсы алғаныма қуаныштымын. Өздеріңізбен тұрақты түрде жүйелі байланыста болып, ұсыныс-пікірлеріңізді оқып, көзқарасыммен бөлісемін. Орналасатын ақпараттар Абай ауданы туралы толығырақ білуге мүмкіндік береді деген сенімдемін. Сіздердің қолдауларыңыз ауданның дамуына арқашанда демеу болады екені сөзсіз. Ой-жоспарларыңыздың іске асуына тілектеспін!
Мәслихаттың кезекті отырысы

24 қыркүйекте Абай ауданы мәслихатының кезекті отыз тоғызыншы сессиясының отырысы өтті. Сессияға аудан әкімі, ауылдық округінің әкімдері, депутаттар, мектеп директорлары, аудандағы мекеме басшылары қатысты.

Пікірлер (0)
Аудан әкімдігінің отырысы болып өтті

24 қыркүйек 2019 жылы аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімдігінің отырысы болып өтті. Отырысты Абай ауданының әкімі Байсабыров Жарқынбек Борашұлы ашып жүргізді.
Отырысқа әкімдік мүшелері, аппарат қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім, мекеме басшылары, мектеп директорлары қатысты.
Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды:

Хабарламалар:

1. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын өткізуге байланысты дайындық жұмыстары туралы.
2. Алдағы 2019-2020 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы.
3. Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді қарау мәселелері туралы.

Ақпараттар:

1. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол бойында жүрген малдардың иелерін анықтау, мал иелеріне заң аясында шаралар қолдану, рейдтер жүргізу бағытында жүргізіп жатқан жұмыстары туралы.
2. Аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалысы туралы.

Жиын қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Пікірлер (0)
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Сындырлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын насихаттау және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына дайындық барысымен танысу үшін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Б.М.Сапарбаев және облыс әкімі Д.К.Ахметов арнайы іс-сапармен келді

Бүгін Абай ауданына Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Сындырлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын насихаттау және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына дайындық барысымен танысу үшін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Б.М.Сапарбаев және облыс әкімі Д.К.Ахметов арнайы іс-сапармен келді.
Делегация құрамына Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова, елімізге танымал әдебиет, өнер, білім саласының өкілдері кірді.
Іс-сапар барысында Кеңгірбай би, Қарауыл ауылдарында халықпен кездесу өткізіліп, Президентіміздің Жолдауы, үкіметтік бағдарламалардың орындалуы ақпараттар түсіндіріліп, елді толғандырған сұрақтарға жауап берілді.
Сондай-ақ, «Абай-Шәкәрім» кесенесі орналасқан Жидебай мекенінде келер жылғы Ұлы Абайдың 175 жылдығын мерекелеу шаралары туралы Семей өңірінің, Абай ауданының ақсақалдары, зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізілді.
Кездесу қорытындысы бойынша халықтың ұсыныс-пікірлерін ескере келе нақты тапсырмалар берілді.

Пікірлер (0)
Абай ауданында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметовтың қатысуымен Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына дайындық бойынша облыстық комиссиясының отырысы өтті

Бүгін Абай ауданында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметовтың қатысуымен Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына дайындық бойынша облыстық комиссиясының отырысы өтті.
Комиссия отырысына облысымызға белгілі ақын-жазушылар,абайтанушылар,қоғам қайраткерлері,облыстық комиссия мүшелері және аудан ақсақалдары мен зиялы қауым өкілдері,аудандық комиссия мүшелері қатысты.
Отырыс барысында облыс әкіміне Абай ауданындағы 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді.
Жиында Абай атамыздың туған жері “Сырт Қасқабұлақ” және Құнанбай бабамыз және ұрпақтары жерленген “Ақшоқы” жеріне жөндеу жұмыстары жүргізілетіні айтылды. Облыс әкімі Ұлы Абайдың 175 жылдық мерекесі аясында келесі жылы атқарылатын жұмыс жоспарларын нақтылап,тиісті тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)
Қарауыл ауылында ұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған аймақтық комиссияның көшпелі отырысы өтті

Пікірлер (0)
Тоқтамыс батыр Лақаұлының 290 жылдығына орай баба ескерткіші ашылды.

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Рухани жаңғыру” бағдарламасы, “Ұлы далалының жеті қыры” мақаласы аясында «Ту тіккен Тобықтының қолбасшысы» атанған тарихи тұлға, әйгілі Абылай ханның қас батырларының бірі атанып, Қабанбай, Бөгенбай, Мамай батырларға ізбасар іні болған Тоқтамыс батыр Лақаұлының 290 жылдығына орай баба ескерткіші ашылды.

Жалпы құны 33 млн теңге болатын қоладан жасалған еңселі ескерткіштің бой көтеруіне бүкіл аудан жұртшылығы болып жиналып, ел ағалары, жомарт жандар, ауыл азаматтары, шаруақожалық жетекшілері мен кәсіпкерлер демеушілік жасады.

Батыр баба тұлғасын өз мәнінде сомдап шығарған жерлесіміз, бүкіл Республикамызға танымал қас мүсінші Нұрбек Қалиевтей абзал азаматымызға халық риза!

Аудан халқының көптен күткен тілегі, ойында жүрген арманы болған Тоқтамыс батыр ескерткіші – ауылымыздың ажарын арттырып, сәулетіне сән беретін, рухани күш сыйлайтын көрнекті орынға айналатынына сенім мол.

Пікірлер (0)
«Абай елі – руханият мекені» атты стелланың ашылу салтанатына өтті

Ұлы Абайдың 175 жылдық мерекесі қарсаңында аудан орталығы – Қарауыл ауылының кіре берісінде «Абай елі – руханият мекені» атты стелланың ашылу салтанатына өтті.
Ашылу рәсіміне ел ағалары,қазақ халқының біртуар ақын жазушылары арнайы қатысты.
Стелланың негізгі ойы – ұлы дала данышпандарын ұлықтай білген халық рухы толқын болып көтеріліп, өшпес өсиет, құнды мұра қалдырған бабаларын ардақтап, поэзияның мекені екендігін айғақтағандай қауырсынмен ұштасып тұр.

Абай елі – ұлы Абайды, Шәкәрімдей данышпанды, Мұхтардай ғұламаны тудырған ұлылардың «алтын бесігі», қазақ поэзиясының «қарашаңырағы». Абай ауданының ажарын арттырып, сәулеті мен дәулетін келістіру, ұлылар туған мекенді абаттандыру – «ұлылар мекені» деген атқа сай көркейту – баршамыздың міндетіміз.

Пікірлер (0)
Бүгін Ұлы ақын, кемеңгер, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Халықаралық “Нефрология” және “транспланталогия” ғылымы саласының майталмандары ұлттық конгресі аясында Ұлылар еліне арнайы келіп, киелі өлкенің тарихымен, дәстүр-салтымен, мәдени мұрасымен танысты.

Бүгін Ұлы ақын, кемеңгер, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Халықаралық “Нефрология” және “транспланталогия” ғылымы саласының майталмандары ұлттық конгресі аясында Ұлылар еліне арнайы келіп, киелі өлкенің тарихымен, дәстүр-салтымен, мәдени мұрасымен танысты.
Ұлы Абай Шәкәрім рухына тағзым етті.
Келген қонақтарымызға өткені-тарих, елі мен жері-шежіреге айналған ұлылардың мекенінің “Қаламқас” халық ән би ансамблі арнайы концерттік бағдарлама ұсынды. Конгресс қатысушылары марапатталды.
Ұлы бабамыздың 175 жылдығы ақ халатты абзал жандардың айтулы мерекесімен басталды.

Пікірлер (0)
XX республикалық Абай оқулары өтті

Ұлы Абайдың 175 жылдығы аясында 26-28 тамыз жалпы білім беру ұйымдарының оқушылар арасында XX республикалық Абай оқулары өтті. Абай оқуларына өз бақтарын сынауға республикамыздың әр облыс, қалаларынан 131 оқушы қатысты. Абай оқуларынан жылда 4 номинация бойынша өтсе осы жолы 6 номинация бойынша бақтарын сынады және де Абай оқулары тарихында алғаш рет республикамыздың үздік оқу орындарынан 4 ректор гранттары табысталды.

Пікірлер (0)
Keleshekke – kemel bilimmen

Бүгін “Keleshekke – kemel bilimmen” аудандық білім беру қызметкерлерінің тамыз маслихаты өтті. Тамыз маслихатында ауданның білім деңгейі, былтырғы оқу жылын қорытындылап, келесі оқу жылы бойынша жоспарларды тыңдап, тапсырмалар берілді және де үздік болып танылған ұстаздар марапатталды.

Пікірлер (0)