Сіздерді ресми өз блогымда қарсы алғаныма қуаныштымын. Өздеріңізбен тұрақты түрде жүйелі байланыста болып, ұсыныс-пікірлеріңізді оқып, көзқарасыммен бөлісемін. Орналасатын ақпараттар Абай ауданы туралы толығырақ білуге мүмкіндік береді деген сенімдемін. Сіздердің қолдауларыңыз ауданның дамуына арқашанда демеу болады екені сөзсіз. Ой-жоспарларыңыздың іске асуына тілектеспін!
Архат ауылындағы С.Бекбосынов атындағы орта мектепте және Орда ауылындағы Мамай атындағы негізгі мектепте болып қайттым

Архат ауылындағы С.Бекбосынов атындағы орта мектепте және Орда ауылындағы Мамай атындағы негізгі мектепте болып, мектептердің оқу процесімен, оқушылардың білім деңгейін көтеру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарме, балалардың тамақтанатын асхана жағдайымен таныстым. Мектептердегі IT сыныптары, жылыжай жұмысы және қысқы маусымға дайындық барысын көріп, білім бөлімі мен мектеп әкімшілігіне тиісті тапсырмалар бердім.

Пікірлер (0)
Ауданымыздағы бірден бір арнаулы оқу орны Абай колледжінде болдым

Ауданымыздағы бірден бір арнаулы оқу орны Абай колледжінде болып, колледждің оқу процесімен, студенттердің тамақтану, асхана жағдайымен таныстым. Сондай-ақ колледж студенттерімен кездесіп, ұстаздар мен мастерлердің педагогикалық методикаларын, лабораториялық құрал-жабдықтарын көрдім. Алдағы уақытта аудандық білім бөлімімен бірлесіп ауданымызға қажетті мамандықтар даярлау бойынша тапсырмалар бердім.

Пікірлер (0)
«Ауыл — ел бесігі»

Бүгін Абай ауданы әкімдігінің «Ауданның елді мекендерін көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар өткізу туралы» Қаулысын іске асыру мақсатында өткен үш айлық тазалық жұмыстарына ұйымшылдықпен еңбек етіп жеңімпаз атанған ауылдық округтерді, үздік мекемені, саябақты және үздік ұжымды марапаттадық.
Сондай-ақ, ауыл тазалығына, аула көркіне ерекше белсенділікпен атсалысқан бірқатар тұрғындарға «Алғыс хат» табыстадық.
Келер жылғы Ұлы Абайдың 175 жылдығына дайындық барысында ауылдарымызды гүлдендіріп, көшелерімізді көріктендіріп жүрген қарапайым азаматтардың жүзі жарық болып, ел құрметіне бөлене беруіне тілектеспін.

Пікірлер (0)
18 қазан 2019 жылы аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімдігінің отырысы өтті.

18 қазан 2019 жылы аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімдігінің отырысын өткіздім.
Отырысқа әкімдік мүшелері, аппарат қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім, мекеме басшылары, мектеп директорлары қатысты.

Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды:

Хабарламалар:

1. Аудан бойынша шағын несиелердің қайтарылуы, бос жұмыс орындарына орналастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар
2. Қыстамаға қатаң мал азығын дайындау, ауыл тұрғындарын, шаруа қожалықтарын шөппен қамтамасыз ету мәселелері туралы
3. Дала өрттерінің себептері мен салдары және олардың алдын алуға байланысты атқарылатын жұмыстар, өрттің шығуына кінәлі шаруа қожалықтарды, шөп шабушыларды, жүргізушілерді анықтау, шара қолдану туралы

Ақпараттар:

1. Аудан бойынша мал бағуға, мал қамайтын орындарды жасақтауға, ауылдардың көшелерінде, жол бойында бағылмай, қараусыз жүрген малдардың иелеріне байланысты жүргізілген жұмыстар туралы
2. Ауылдық округтердің әкімдері мен бөлім басшыларының жеке және заңды тұлғаларды қабылдаулары туралы
3. 2019 жылдың 9 айының қорытындысымен аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалысы туралы

Жиын қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар бердім.

Пікірлер (0)
«Aıbyn daýysy»

Жастар жылы аясында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне арналған VI облыстық “Aibyn dayysy ” вокалдық сайысында Жанболатова Сәулет 1 орын, “Менің роботым” робототехника сайысында командалық есепте Абай ауданының “Қыран” тобы 3 орын иеленді! Қараша айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық “Айбын дауысы” сайысына Шығыс Қазақстан Облысы атынан баратын болады! Жеңісті күндеріміз көп болсын!

Пікірлер (0)
Ұлы Абай Құнанбайұлының туған жері Сырт Қасқабұлақ мекеніне ағаш отырғызу шаралары ұйымдастырылды.

Пікірлер (0)
“Бірге – таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Жидебайда сенбілік өткізіліп, ағаш отырғызылды.

Пікірлер (0)
«Мұнайлы мекеннен – шұрайлы шығысқа»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалаларын іске асыру және еліміздің аймақтар арасындағы өзара байланыс пен мәдениет қарым-қатынасты нығайту мақсатында Атырау облыстық Мәдениет архивтер және құжаттама басқармасына қарасты Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі бүгін Абай ауданында «Мұнайлы мекеннен – шұрайлы шығысқа» атты концерттік бағдарламасын тарту етті.

Пікірлер (0)
Экологиялық сағат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2019 жылғы 3 қазанда еліміздің барлық жалпы білім беретін мектептерінде өсіп келе жатқан оқушыларға тәрбие беру және табиғи ресурстарды сақтау мәселелеріне тарту мақсатында Республикалық экологиялық сағаты болуына байланысты Абай ауданынының барлық мектептерінің ауласына ағаш отырғызылды.

Пікірлер (0)
Ұстаз – ұлы есім.

Бүгін Мұғалімдер күні мерейлі мерекесіне орай ауданның білім беру мекемелерінің қызметкерлерін құттықтау салтанатты шарасын өткіздік.
Өзінің білімі,шығармашылық ізденісі арқылы шәкірт көңіліне жол таба білген аяулы ұстаздарды және ауданның қоғамдық маңызды шараларына үлес қосып жүрген мұғалімдерді марапаттадық.
Киелі өңіріміздің беделін көтеріп,ел келешегін тәрбиелеп жүрген мұғалім еңбегі қашан да әз халқымыздың жоғарғы құрметіне ие бола бермек.
Ауданымыздың рухани кемелденуіне үлкен еңбек сіңіріп жүрген парасатты жандар – Ұстаздар қауымына мол денсаулық,биік белес,шығармашылық табыс тілеймін.

Пікірлер (0)