Сіздерді ресми өз блогымда қарсы алғаныма қуаныштымын. Өздеріңізбен тұрақты түрде жүйелі байланыста болып, ұсыныс-пікірлеріңізді оқып, көзқарасыммен бөлісемін. Орналасатын ақпараттар Абай ауданы туралы толығырақ білуге мүмкіндік береді деген сенімдемін. Сіздердің қолдауларыңыз ауданның дамуына арқашанда демеу болады екені сөзсіз. Ой-жоспарларыңыздың іске асуына тілектеспін!
20 желтоқсан Нұр-Cұлтан қаласында ҚР қазақ күресі федерациясының жылдық қорытындысы ұйымдастырылды.

20 желтоқсан Нұр-Cұлтан қаласында ҚР қазақ күресі федерациясының жылдық қорытындысы ұйымдастырылды. Федерация шешімі бойынша “Үздік спортшы”номинациясында 66 келі салмақ дәрежесінде Қуаныш Ғабдулхалұлы Искаков марапатталды.
“Үздік спортшы” номинациясында жерлес батырымыз Айбек Серікболұлы Нұғымаров марапатталды.
Сонымен қатар Айбек Нұғымаров ҚР Президенті алғыс хатымен және төсбелгісімен марапатталды. Жерлестерімізді шын жүректен құттықтаймыз.

Пікірлер (0)
“Жыл таңдауы – 2019”

“Жыл таңдауы – 2019”
Бүгін мәдениет үйінде Жастар жылын қорытындылау және “Жыл таңдауы – 2019” салтанатты жиын өтті. Жиын барысында әр сала бойынша үздік жастарды марапаттап, жастар жылында атқарылған жұмыстарды қорытындыланды. Салтанатты жиын жастардың дайындаған мерекелік концертімен жалғасты.

Пікірлер (0)
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай Ақтөбе қаласында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтті.

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай Ақтөбе қаласында “Qazaq” kuresi” халықаралық федерацияның ұйымдастыруымен қазақ күресінен әлем чемпионаты өтті. Турнирге 40-тан аса елдің спортшылары қатысып, солардың ішінде біздің жерлесіміз Искаков Қуаныш 66 келі салмақта Қазақстанның намысын қорғап, екі дүркін әлем чемпионы атанды! Қуанышты жеңісімен құттықтаймыз! Абай елі сенімен мақтанады! Жеңістерің көп болсын!

Пікірлер (0)
«Оpen space» форматында «Ашық әкімдік» фронт- офисінің ашылу салтанаты өтті.

2019 жылдың 10 желтоқсанында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауы негізінде Абай ауданы әкімдігінің ғимаратында «open space» форматында «Ашық әкімдік» фронт- офисінің ашылу салтанаты өтті.
Ашық әкімдікте жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына (оның ішінде сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша хабарламалар) арналған сенім жәшігі орналастырылған.
Заман талабына сай QR-kod орнатылған арнайы стенд орналастырылған. Аталмыш стендте ауданда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері, жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау және өтініштерін қарау жөнінде ақпараттар алуға мүмкіндіктер бар.
Ақпарат алудың шарттары мен тәртібі туралы, сыбыйлас жемқорлықтың алдын алу, күресу талаптары белгіленген нормативтік-құқықтық актілер орналасқан ақпараттық стенд бар.
Тұрғындарға арналып арнайы өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жабдықталған.
Сонымен қатар, азаматтарды қабылдау жұмыстарын жүргізуге арналған аудан әкімінің қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс жасайды.

Пікірлер (0)
2019 жылы 9 желтоқсанында “Nur Otan” партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдаймын.

2019 жылы 9 желтоқсанында “Nur Otan” партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдаймын. Қабылдау уақыты сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін. Алдын ала тіркелу үшін келесі телефон арқылы хабарласа аласыздар: (872252) 915 56, 87011826793. Мекен жайы: “Nur Otan” партиясы қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық филиалы, Молдағалиев көшесі 23 үй.

Пікірлер (0)
Абай елі сенімен мақтанады!

2 желтоқсан 2019 жылы Алматы қаласында өткен “Әлем барысы” чемпионатында, 30 мемлекеттен келген, 33 балуанның арасынан, Абай елінің даңқты ұлы, жерлесіміз Айбек Нұғымаров 2-орын күміс белбеуді иеленді. Айбекті жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Абай елі сенімен мақтанады! Жеңістен жеңіске жете беруіңе әрқашанда тілектеспіз!

Пікірлер (0)
21 қараша – азаматтарды қабылдаудың ұлттық күні.

21 қараша – азаматтарды қабылдаудың ұлттық күні.
Құрметті Абай ауданының тұрғындары! 2019 жылдың 21 қарашасында сағат 10.00 -де «Азаматтарды қабылдаудың біртұтас күні” жалпы республикалық іс-шарасы аясында мен, Абай ауданының әкімі Байсабыров Жарқынбек Борашұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткіземін.
Мекен-жайы: Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі №14, аудан әкімдігінің ғимараты.
Қабылдауға алдын-ала жазылу келесі байланыс телефондар бойынша жүргізіледі: 8(72252) 91600.
Осы күні барлық ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары орындарында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды жүргізеді.

Пікірлер (0)
Қасқабұлақ ауылына қарасты Мақсұт кен орнындағы “Баст” АҚ-ның президенті С.Е. Рясковпен және вице-президент В.Л. Ипатовпен кездесу өткіздім.

Бүгін Қасқабұлақ ауылына қарасты Мақсұт кен орнындағы “Баст” АҚ-ның президенті С.Е. Рясковпен және вице-президент В.Л. Ипатовпен кездесу өткіздім. Кездесу барысында өзара іскерлік қарым-қатынас жөнінде және аудандағы Абай атындағы колледжінде “Баст” АҚ-на қажетті мамандарды дайындап келешекте осы кәсіпорынға жұмысқа орналастыруға және ауданымыздың тұрғындарын қайта оқудан өткізіп, әрі қарай аталған кәсіпорында жұмыспен қамтамасыз ету бойынша және ауданға түсетін салықты көбейту үшін, кәсіпорынды Абай ауданының кірістер басқармасына тіркеу бойынша меморандум жасалынып қол қойылды.

Пікірлер (0)
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Ұлы Абайдың туған жері – Сырт Қасқабұлақ мекеніне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Ұлы Абайдың туған жері – Сырт Қасқабұлақ мекеніне ұзындығы 1,6 км жол салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған орай жұмыс барысын көріп,жолды сапалы жасау бойынша тиісті нұсқаулар бердім.
Сондай ақ аймақ басшысының тапсырмасына орай абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан “Құнанбай қажы қорымына” барып,жұмыс барысымен танысып,тиісті тапсырмалар бердім.

Пікірлер (0)
Қасқабұлақ ауылдық округінде болып қайттым

Қасқабұлақ ауылдық округіндегі М.Әуезов атындағы орта білім беретін мектептің оқу процесімен, оқушыларға берілетін ас мәзірімен, IT сынып, Кадет сыныптарымен танысты. Жылу қазандықтарын көріп, қыс мезгіліне дайындықтары пысықталды. Сондай – ақ ауылдың дәрігерлік амбулаториясын көріп тиісті тұлғаларға тапсырмалар бердім.

Пікірлер (0)