Сіздерді ресми өз блогымда қарсы алғаныма қуаныштымын. Өздеріңізбен тұрақты түрде жүйелі байланыста болып, ұсыныс-пікірлеріңізді оқып, көзқарасыммен бөлісемін. Орналасатын ақпараттар Абай ауданы туралы толығырақ білуге мүмкіндік береді деген сенімдемін. Сіздердің қолдауларыңыз ауданның дамуына арқашанда демеу болады екені сөзсіз. Ой-жоспарларыңыздың іске асуына тілектеспін!
«Жаңа жыл-2020» мерекесіне арналған «Көгілдір от» кеші ұйымдастырылды.

Абай ауданы үшін өтіп бара жатқан 2019 жыл табысты жыл болды.
Мерекелік кеш барысында ауданда әкім орынбасары қызметін атқарған М.Еділбаевқа «Абай ауданының құрметті азаматы» төсбелгісі табысталды.
Сонымен қатар таяуда ғана Екі дүркін әлем чемпионы атанған Қ.Искаковты Абай елі атынан құттықтап,сертификат тапсырды.
Жаңа жыл мерекесіне арналған кеш «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің концертімен жалғасты.

Пікірлер (0)
Құрметті жерлестер, ардақты ардагерлер, қадірменді замандастар!

Міне, Тәуелсіз еліміздің даму тарихында айтарлықтай із қалдырған 2019 жыл да аяқталуға жақын. Өткен жыл еліміздің әлеуметтік-экономикалық өрлеуі мен, халық тұрмысының жақсаруына жаңа серпін бергені ақиқат. Аудан халқының да тұрмысы ажарлы, өмірлері базарлы болып өз болашақтарына деген сенімдері арта түсті. Ауылдарды көркейту, көгалдандыру, жарықтандыру, жаңа әлеуметтік нысандар салудағы атқарылған істер жұртшылық көңілінен шығуда.
Ауданымыздың негізгі тіршілік көзі мал шаруашылығында мемлекет қамқорлығы арқылы өрлеу, өркендеу бар. Рухани салада тың ізденістер мен жаңа жетістіктер бар. Ұлағатты ұстаздарымыздың, дарынды өнерпаздарымыздың, талапты жастарымыздың, спортшыларымыздың шығармашылық табыстары облысқа, республикаға, әлемге танылды. Олар барлық істерде де ұлылыр елінің ұрпағы деген атқа лайықтылық көрсетіп келеді. Халқымыздың ынтымағы артып, рухы биіктеді. Осы үрдіс жалғаса берсін, ағайын!
Жарқын үміттерге толы Жаңа жылдан әр адам үлкен жақсылық, ізгілік, береке, табыс күтеді. Баршаңызды сайын даланы сағындырып, шаттығын ала келген Жаңа 2020 жылмен шын жүректен құттықтаймыз.
Келер жыл Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жарлығымен Ұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы сияқты айтулы мерекелермен есте қалмақ. Абай елі осынау айтулы тарихи шараларды өткізуде береке-бірлікпен, ынтымағы жарасып еңбек етеді деп сенеміз.
Жаңа жыл елімізге өрлеу, халқымызға игілік әкелсін. Оның әр күні Сіздерді қуаныш пен бақытқа, ырыс пен ынтымаққа бөлесін!
Өмірлеріңіз мәнді, тұрмыстарыңыз сәнді, болашақтарыңыз нұрлы, өздеріңіз ғұмырлы болыңыздар!

Пікірлер (0)
Бүгін аудандық “Ашық әкімдікте” кестеге сәйкес қабылдауға жазылған ауыл тұрғындарын қабылдадым.

Бүгін аудандық “Ашық әкімдікте” кестеге сәйкес қабылдауға жазылған ауыл тұрғындарымен кездесу өткіздім. Қабылдауға келген азаматтардың жеке мәселелері бойынша өтініштерін қабылдап, жауапты тұлғаларға мәселенің шешілуі бойынша тапсырмалар бердім. Тұрғындармен ашық қарым-қатынас, толғандырып жүрген сұрақтарға жауап беру бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Пікірлер (0)
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында жыл қорытындысы және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына дайындық бойынша әкімдік отырысы өтті.

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында жыл қорытындысы және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына дайындық бойынша әкімдік отырысы өтті. Жиында:
1. Абай ауданының 2019 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын әзірлеу және 2020 жылғы арналған міндеттер туралы.
2.Жайылымдарды цифрландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы.
3. Хаттамалық тапсырмалардың орындалысы туралы.
4.”Жаңа жыл” мерекесіне дайындық туралы және келер жылғы мерейтойға дайындық барысында атқарылатын жұмыстар нақтыланып, тиісті тапсырмалар берілді.

Пікірлер (0)
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында VI шақырылған аудандық мәслихаттың XXXXII сессиясы өткізілді.

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында VI шақырылған аудандық мәслихаттың XXXXII сессиясы өткізілді. Сессия барысында бірқатар азаматтар “Мәслихаттардың 25 жылдығы” төсбелгісімен марапатталды.
Күн тәртібінде
1. Абай ауданы бойынша полиция бөлімінің атқарылған жұмыстарының есебі
2. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы баяндама жасалды.
Сондай ақ,келер жылғы Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы барысында атқарылатын жұмыстар пысықталды.

Пікірлер (0)
Бүгін 25 желтоқсан Абай ауданында “Шыңғыстау” спорт кешенінде “Мемлекеттік қызмет Барысы” атты мемлекеттік қызметшілер арасында аудандық жарыс өтті.

Бүгін 25 желтоқсан Абай ауданында “Шыңғыстау” спорт кешенінде “Мемлекеттік қызмет Барысы” атты мемлекеттік қызметшілер арасында аудандық жарыс өтті.
Іс шараның мақсаты спорттың бұқаралығын арттыру,ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Жарысқа бірқатар ауыл әкімдері,бөлім басшылары және қызметкерлер қатысты.
Жеңіске жеткен жүлдегерлер мен жеңімпаздар арнайы белбеумен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер (0)
Бүгін аудан орталығында Қарауыл ауылдық округі әкімі лауазымына ұсынылатын азаматтарды жергілікті қауымдастық өкілдеріне таныстыру жүргізілді.

Бүгін аудан орталығында Қарауыл ауылдық округі әкімі лауазымына ұсынылатын азаматтарды жергілікті қауымдастық өкілдеріне таныстыру жүргізілді. 2020 жылы 23 қаңтар күні аудан маслихатының депутаттары ауыл әкімін сайлайды.

Пікірлер (0)
Арнаулы әлеуметтік қызмет алушы 118 адамға арналып «Төрлет, төрлет жаңа жыл» атты ертеңгілік ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 24 желтоқсаны күні Қарауыл ауылындағы «Атамекен» тойханасында Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі,Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімшесінің ұйымдастыруымен арнаулы әлеуметтік қызмет алушы 118 адамға арналып «Төрлет, төрлет жаңа жыл» атты ертеңгілік ұйымдастырылды.
Ертеңгілік барысында «Қаламқас» ән-би ансамблінің концерттік бағдарламасы ұсынылып,ертегі кейіпкерлері киіміндегі әлеуметтік қызметкерлер мерекені думанға бөледі.
Сонымен қатар Қасқабұлақ, Көкбай, Құндызды, Кеңгірбай би және Саржал ауылдық округтерден келген балалар мен әлеуметтік қызметкерлер өз өнерлерін көрсетті.
Шара барысында ерекше назарды қажет ететін жандарға сый сияпат ұсынып,жаңа жылмен құттықтадым.

Пікірлер (0)
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа жылдық шырша мерекесі өтті.

Облыс әкімі Д.Ахметовтың қолдауымен 2019 жылдың 23 желтоқсанында Өскемен қаласы, орталық мәдениет үйі “Ертіс концерт” залында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа жылдық шырша мерекесі өтті. Шараға ауданымыздан М.Әуезов атындағы орта мектебінің 4-сынып оқушысы Нұрболұлы Еркебұлан қатысып қайтты. Шыршаға қатысқан оқушыларға бағалы сыйлықтар (ноутбук) пен тәттілер таратылып берілді. Осындай игілікті шараға ата-аналар өз ризашылықтарын білдіруде.

Пікірлер (0)
“Самбо саңлағы” төс белгісімен марапатталды.

Таяуда ғана туған жердің төріне шығарып, ұлықтаған жас спортшымыз Руслан Жарқынбаев жыл қорытындысы бойынша “Қазақстандық спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының” “Самбо саңлағы” төс белгісімен марапатталды.
Әлемдік сайыстарда Көк туымызды көкке көтеріп жүрген Русланды, елеулі марапатымен шын жүректен құттықтаймын!

Пікірлер (0)