Сіздерді ресми өз блогымда қарсы алғаныма қуаныштымын. Өздеріңізбен тұрақты түрде жүйелі байланыста болып, ұсыныс-пікірлеріңізді оқып, көзқарасыммен бөлісемін. Орналасатын ақпараттар Абай ауданы туралы толығырақ білуге мүмкіндік береді деген сенімдемін. Сіздердің қолдауларыңыз ауданның дамуына арқашанда демеу болады екені сөзсіз. Ой-жоспарларыңыздың іске асуына тілектеспін!
Құрметті жерлестер!

Сіздерді қазақстандықтардың ең ұлы, қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
23 жыл ішінде Қазақстан экономикалық дамуда, халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуде аса зор жетістіктерге қол жеткізді. Тұрақтылық және қоғамдағы өзара түсіністік, зор жауапкершілікпен жүзеге асырылған сыртқы саясат – республиканың ғаламдық деңгейде беделін өсірді. Бүгінгі Қазақстан – бұл кемелденген, қуатты мемлекет!
Біз, қазақстандықтар – тарихы біте қайнасқан, тағдыры ортақ тұтас халыққа айналдық. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан, ырысы мол елде тату ғұмыр кешудеміз. Осының бәріне – Мемлекет Басшысының көреген саясаты, халықтың жасампаз еңбегінің арқасында қол жеткіздік.
Отбасыларыңызға амандық, мол бақыт, баянды да ұзақ ғұмыр тілейміз. Егемен еліміздің көкбайрағы мәңгілік биікте самғап, тәуелсіз мемлекетіміздің абыройы мен атақ-даңқы өрлей берсін!
Мереке құтты болсын!

Пікірлер (0)
Құрметті аудан тұрғындары !

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа – мол табыс, бақ-дәулет тілеймін!

Пікірлер (0)
Қымбатты жерлестер !

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні — біздің еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі болып саналады. Осыдан 19 жыл бұрын, 1995 жылы 30 тамызда еліміздің негізгі Ата Заңы қабылданды. Бұл Қазақстан азаматтары үшін республика дамуының жаңа беттерінің басталуын білдіретін ерекше оқиға болды.
Конституцияның өзекті ережелеріне сүйене отырып, біз ел тағдыры үшін өмірлік маңызы бар жаңаруларды жүргіздік: нарықтық экономиканы құрдық және демократиялық қоғамның негізін қаладық. Қазақстан дүниежүзілік аренаға танымал болды және әлемдік экономикалық жүйе ішінде лайықты орнын алды. Әлеуметтік сала — білім беру, денсаулық сақтау да күшті қарқынмен дамып келеді, жыл сайын зейнетақылар мен басқа да әлеуметтік жәрдемақылардың көлемі өсуде.
Қымбатты жерлестер! Конституция осы жылдар ішінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Алайда, осымен оның әлеуеті сарқылмайды. Еліміздің негізгі заңы бұрынғысынша егемен Қазақстанның гүлденуінің басты тетігі болып қала береді.Конституцияны қатаң қолдану — мемлекетіміздің нәтижелі дамуының негізі, заманауи жаңа шақыруларға қайтарылған жауаптардың тиімділігі, қоғамдағы азаматтық келісім. Қымбатты жерлестер, сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын ! Мықты денсаулық, құт-береке, жақсылық, бақыт тілеймін !

Пікірлер (0)