Қарауыл ауылының тұрғындарымен қорытынды есептік кездесу өткіздім. Жиынға облыстық мәдениет, архивтер және мұрағат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Р.Нұрмұханова қатысты.
Кездесу барысында 2019 жылы атқарылған жұмыстар,оның ішінде Қарауыл ауылы бойынша жасалынған жұмыстар және облыс басшысының қолдауымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясындағы жоспарлар баяндалды.
Осы жылы “Парыз” қоры арқылы Құнанбай қажы мешітін күрделі жөндеуден өткізіп,қатымхана салу және тұрмысы төмен көпбалалы жанұяларды үймен қамту туралы тұрғындарға үндеу жасады.
Сондай ақ алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша тиісті бөлім басшыларына,мектеп директорларына және ауыл әкіміне тапсырма бердім.