Халық алдында есеп беру кездесулерім Құндызды және Көкбай ауылдарында өтті.
Кездесуде 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасалып, 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына дайындық барысы баяндалды. Тұрғындар тарапынан Құндызды әкімшілігінің ғимаратын жөндеу жайында ұсыныс айтылды. Ол ғимарат ағымдағы жылы жөнделетін болады.
Сондай ақ,Құндызды және Көкбай ауылының тұрғындарынан шаруа қожалықтарына электр желісін тарту мәселесі көтерілді. Бұл сұрақ бойынша ауыл әкімдеріне тапсырма берді.
2019 жылы Көкбай ауылында халыққа есеп беру кездесуде ауыл тұрғындарынан мектептің шатырын және жылу қазандығын жөндеу бойынша ұсыныс білдірген болатын,бұл мәселе өткен жылы шешіліп,жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауыл тұрғындары жасалған жұмысқа қанағаттарлық баға беріп,алғыстарын білдірді.