“Жаңа жыл” мерекесі қарсаңында ауданымыздың елге еңбегі сіңген бірқатар ақ жаулықты аналарына барып,мерекемен құттықтап, құрмет көрсетіп,сый-сияпат жасадым.

Халық арасында елге сыйлы,қашан да ауданымыздың өсіп өркендеуіне ақ тілегін арнап отыратын Шайза Кәрімбердина,Лимаш Кеңгірбай,Роза Телібаева сынды асыл әжелеріміз Абай елінің аяулы аналары.
Жастары 90-нан асқан ақ жаулықты аналары Абай ауданындағы игілікті іс шараларға ізгі ниеттерін білдіріп,ризашылықпен ақ батасын берді.