2019 жылдың 10 желтоқсанында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауы негізінде Абай ауданы әкімдігінің ғимаратында «open space» форматында «Ашық әкімдік» фронт- офисінің ашылу салтанаты өтті.
Ашық әкімдікте жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына (оның ішінде сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша хабарламалар) арналған сенім жәшігі орналастырылған.
Заман талабына сай QR-kod орнатылған арнайы стенд орналастырылған. Аталмыш стендте ауданда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері, жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау және өтініштерін қарау жөнінде ақпараттар алуға мүмкіндіктер бар.
Ақпарат алудың шарттары мен тәртібі туралы, сыбыйлас жемқорлықтың алдын алу, күресу талаптары белгіленген нормативтік-құқықтық актілер орналасқан ақпараттық стенд бар.
Тұрғындарға арналып арнайы өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жабдықталған.
Сонымен қатар, азаматтарды қабылдау жұмыстарын жүргізуге арналған аудан әкімінің қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс жасайды.