Бүгін Абай ауданында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметовтың қатысуымен Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына дайындық бойынша облыстық комиссиясының отырысы өтті.
Комиссия отырысына облысымызға белгілі ақын-жазушылар,абайтанушылар,қоғам қайраткерлері,облыстық комиссия мүшелері және аудан ақсақалдары мен зиялы қауым өкілдері,аудандық комиссия мүшелері қатысты.
Отырыс барысында облыс әкіміне Абай ауданындағы 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді.
Жиында Абай атамыздың туған жері “Сырт Қасқабұлақ” және Құнанбай бабамыз және ұрпақтары жерленген “Ақшоқы” жеріне жөндеу жұмыстары жүргізілетіні айтылды. Облыс әкімі Ұлы Абайдың 175 жылдық мерекесі аясында келесі жылы атқарылатын жұмыс жоспарларын нақтылап,тиісті тапсырмалар берді.