Ұлы Абайдың 175 жылдық мерекесі қарсаңында аудан орталығы – Қарауыл ауылының кіре берісінде «Абай елі – руханият мекені» атты стелланың ашылу салтанатына өтті.
Ашылу рәсіміне ел ағалары,қазақ халқының біртуар ақын жазушылары арнайы қатысты.
Стелланың негізгі ойы – ұлы дала данышпандарын ұлықтай білген халық рухы толқын болып көтеріліп, өшпес өсиет, құнды мұра қалдырған бабаларын ардақтап, поэзияның мекені екендігін айғақтағандай қауырсынмен ұштасып тұр.

Абай елі – ұлы Абайды, Шәкәрімдей данышпанды, Мұхтардай ғұламаны тудырған ұлылардың «алтын бесігі», қазақ поэзиясының «қарашаңырағы». Абай ауданының ажарын арттырып, сәулеті мен дәулетін келістіру, ұлылар туған мекенді абаттандыру – «ұлылар мекені» деген атқа сай көркейту – баршамыздың міндетіміз.