«Абай елі – руханият меккесі» атты «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің өнер кеші Семей қаласында өтті.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай халқымыздың ғасырлардан тамыр тартып келе жатқан өнерін кеңінен дәріптеп, жаңғыртып, ұлы даланың ұлы әуендерін насихаттау мақсатында Абай ауданы мен Семей қаласының өңірлік мәдени байланысын арттыруға және Ш. Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл және Абай ауданының 90 жылдығына орай «Абай елі – руханият меккесі» атты «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің өнер кеші Семей қаласында өтті.
Семей қаласының әкімі Е.Сәлімов Абай ауданы әкімі Ж. Байсабыровқа алғысын айтып ізгі тілегін білдірді, ал қаламқастық өнерпаздаға шығармашылық табыс тілеп құттықтады.
Абай ауданының әкімі Ж.Байсабыров өз кезегінде Семей қаласының халқына ризашылығын білдіріп, қала әкіміне құрмет көрсетті.
Сонымен қатар еліміздің мақтанышы, жақында еліміздің абыройын асқақтатып, халқымызды қуанышқа бөлеген, әлем барысы атанған жерлесіміз Айбек Нұғымаров арнайы шақырылды. Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлына арнап «Елбасы» атты туындыны дүниеге әкелген күйші, жерлесіміз Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» өнер жұлдызы Айбек Бекбосынов өз күй шашуын орындады.