Құрметті жерлестер! Баршаңызды “Тұңғыш Президент күнімен” шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздегі тарихи таңдау күні болып саналатын бұл сәтті барша қазақстандықтардың Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төңірегіне топтасу күні деп есептейміз. Өйткені өзінің мемлекеттік рәміздері бар тәуелсіз еліміздің уығын қадап, шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халық алдында еңбегі зор.
“Тұңғыш Президент күні” – бүкілхалықтық мереке, үлкен салтанат, Елбасының ерен еңбегіне деген құрмет. Осынау ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз!