17 қыркүйек 2018 жылы мал ұрлығының алдын алу бойынша атқарылған іс-шаралар жөнінде ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:

1. 2018 жылдың 9 айында мал ұрлығының алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы.

Хабарламашы: Хозаев Нұрлан Советқалиұлы – аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы.

2. 2018 жылдың 1 қыркүйегіне «Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» дерекқорымен жұмыстар жүргізу. Ауыл шаруашылығы жануарларын сырғалау мен таңбалауды ұйымдастыру туралы.

Хабарламашы: Айқымбаев Мәдениет Қадыржанұлы – ШЖҚ «Абай ауданының ветеринариялық қызметі» КМК директоры.

3. Ауылда мал ұрлығының көбеюі себептерін анықтау, оның алдын- алу шаралары. Мал бағуды ұйымдастыру туралы.

Хабарламашылар:

Құндызды ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы Ысқақов Думан Мәнәпұлы.

Қеңгірбай би ауылдық округінің әкімі Амангелдіұлы Дархан.

4. Мал ұрлығының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жөнінде.

Хабарламашы: Слямханов Сабыржан Қалқаманұлы – Абай ауданының прокуроры.

5. Мал ұрлығы өзекті мәселе.

Хабарламашы: Адильбеков Ербол Елибекович – Абай аудандық сотының төрағасы.

Отырыстың қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар айтылып, тапсырмалар берілді.