Абай ауданының 90 жылдығына орай аудан орталығы Қарауыл ауылында жаңадан бой көтеретін ұлы Абай ескерткішіне қаржы жинау үшін, мәдениет және өнерді дамытуды қолдау жөніндегі «Парыз» қоғамдық қорына қаражат түсіру, жұмсалуын қадағалау мақсатында құрылған комиссияның төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы Лдибаев Ерлан Арнаұлы 13 қыркүйек 2018 жылы комиссияның жұмысы туралы есеп берді. Қорға түскен ақша 23 037 877 теңге.