Қазақстан Республикасының Конституциясы күні — біздің еліміз үшін аса маңызды мерекелердің бірі болып саналады. Конституцияның өзекті ережелеріне сүйене отырып, біз ел тағдыры үшін өмірлік маңызы бар жаңаруларды жүргіздік: нарықтық экономиканы құрдық және демократиялық қоғамның негізін қаладық. Қазақстан дүниежүзілік аренаға танымал болды және әлемдік экономикалық жүйе ішінде лайықты орнын алды. Әлеуметтік сала — білім беру, денсаулық сақтау да күшті қарқынмен дамып келеді, жыл сайын зейнетақылар мен басқа да әлеуметтік жәрдемақылардың көлемі өсуде.

Қымбатты жерлестер! Конституция осы жылдар ішінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Алайда, осымен оның әлеуеті сарқылмайды. Еліміздің негізгі заңы бұрынғысынша егемен Қазақстанның гүлденуінің басты тетігі болып қала береді.

Конституцияны қатаң қолдану — мемлекетіміздің нәтижелі дамуының негізі, заманауи жаңа шақыруларға қайтарылған жауаптардың тиімділігі, қоғамдағы азаматтық келісім.

Қымбатты жерлестер, сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мықты денсаулық, құт-береке, жақсылық, бақыт тілеймін!