Сіздерді қазақстандықтардың ең ұлы, қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
23 жыл ішінде Қазақстан экономикалық дамуда, халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуде аса зор жетістіктерге қол жеткізді. Тұрақтылық және қоғамдағы өзара түсіністік, зор жауапкершілікпен жүзеге асырылған сыртқы саясат – республиканың ғаламдық деңгейде беделін өсірді. Бүгінгі Қазақстан – бұл кемелденген, қуатты мемлекет!
Біз, қазақстандықтар – тарихы біте қайнасқан, тағдыры ортақ тұтас халыққа айналдық. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан, ырысы мол елде тату ғұмыр кешудеміз. Осының бәріне – Мемлекет Басшысының көреген саясаты, халықтың жасампаз еңбегінің арқасында қол жеткіздік.
Отбасыларыңызға амандық, мол бақыт, баянды да ұзақ ғұмыр тілейміз. Егемен еліміздің көкбайрағы мәңгілік биікте самғап, тәуелсіз мемлекетіміздің абыройы мен атақ-даңқы өрлей берсін!
Мереке құтты болсын!