Сіздерді ресми өз блогымда қарсы алғаныма қуаныштымын. Өздеріңізбен тұрақты түрде жүйелі байланыста болып, ұсыныс-пікірлеріңізді оқып, көзқарасыммен бөлісемін. Орналасатын ақпараттар Абай ауданы туралы толығырақ білуге мүмкіндік береді деген сенімдемін. Сіздердің қолдауларыңыз ауданның дамуына арқашанда демеу болады екені сөзсіз. Ой-жоспарларыңыздың іске асуына тілектеспін!
21 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев пен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен қазақтың ұлы ойшылы, ғұлама ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының басталуына арналған салтанатты шара өтті.

21 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев пен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен қазақтың ұлы ойшылы, ғұлама ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының басталуына арналған салтанатты шара өтті. Шараға Абай елінен баба ұрпақтары бастаған делегация арнайы қатысып қайтты.
Ал бүгін,Абай жылының ашылуына байланысты аудандық деңгейдегі шаралар Қарауыл ауылындағы Абай ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қоюдан басталды.
Шараға аудан ардагерлері, мәдениет пен өнер саласының қызметкерлері, жергілікті зиялы қауым өкілдері, жастар қауымы қатысты. Жиналған жұртшылық Абай шығармаларын орындап, ұлы бабаға арнаған өз өлеңдерін оқыса, «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің өнерпаздары Абай әндерін шырқады.
Абай жылының басталуына орай барлық ауылдардағы мәдениет ошақтарында, білім беру мекемелерінде әдеби кештер мен мәдени шаралар өткізілуде.

Пікірлер (0)
Қарауыл ауылының тұрғындарымен қорытынды есептік кездесу өткіздім.

Қарауыл ауылының тұрғындарымен қорытынды есептік кездесу өткіздім. Жиынға облыстық мәдениет, архивтер және мұрағат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Р.Нұрмұханова қатысты.
Кездесу барысында 2019 жылы атқарылған жұмыстар,оның ішінде Қарауыл ауылы бойынша жасалынған жұмыстар және облыс басшысының қолдауымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясындағы жоспарлар баяндалды.
Осы жылы “Парыз” қоры арқылы Құнанбай қажы мешітін күрделі жөндеуден өткізіп,қатымхана салу және тұрмысы төмен көпбалалы жанұяларды үймен қамту туралы тұрғындарға үндеу жасады.
Сондай ақ алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша тиісті бөлім басшыларына,мектеп директорларына және ауыл әкіміне тапсырма бердім.

Пікірлер (0)
Халық алдында есеп беру кездесулерім Құндызды және Көкбай ауылдарында өтті.

Халық алдында есеп беру кездесулерім Құндызды және Көкбай ауылдарында өтті.
Кездесуде 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасалып, 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына дайындық барысы баяндалды. Тұрғындар тарапынан Құндызды әкімшілігінің ғимаратын жөндеу жайында ұсыныс айтылды. Ол ғимарат ағымдағы жылы жөнделетін болады.
Сондай ақ,Құндызды және Көкбай ауылының тұрғындарынан шаруа қожалықтарына электр желісін тарту мәселесі көтерілді. Бұл сұрақ бойынша ауыл әкімдеріне тапсырма берді.
2019 жылы Көкбай ауылында халыққа есеп беру кездесуде ауыл тұрғындарынан мектептің шатырын және жылу қазандығын жөндеу бойынша ұсыныс білдірген болатын,бұл мәселе өткен жылы шешіліп,жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауыл тұрғындары жасалған жұмысқа қанағаттарлық баға беріп,алғыстарын білдірді.

Пікірлер (0)
Бүгін бекітілген кестеге сәйкес есеп беру кездесулері Кеңгірбай би және Медеу ауылдық округтерінде өтті.

Бүгін бекітілген кестеге сәйкес есеп беру кездесулері Кеңгірбай би және Медеу ауылдық округтерінде өтті. Кездесуде 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасадым. Есептік кездесуге қатысқан тұрғындар өз ой-пікірлерін білдіріп, атқарылған жұмыстарға қанағаттанарлық деген бағасын берді.

Пікірлер (0)
Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің 05.02.2016 жылғы № 190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, есеп беру кездесулері Тоқтамыс және Саржал ауылдарынан басталды.

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің 05.02.2016 жылғы № 190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, есеп беру кездесулері Тоқтамыс және Саржал ауылдарынан басталды.

Кездесуде 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасалды. Сондай ақ жиында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына дайындық барысы,алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар баяндалды.

Есептік кездесуге қатысқан тұрғындар өз ой-пікірлерін білдіріп, атқарылған жұмыстарға қанағаттанарлық деген бағасын берді.

Пікірлер (0)
Бүгін аудан әкімі бекітілген регламентке сәйкес аудандық Қоғамдық кеңес отырысына қатысып, өткен 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасадым.

Бүгін аудан әкімі бекітілген регламентке сәйкес аудандық Қоғамдық кеңес отырысына қатысып, өткен 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасадым.
Жиынға қатысқан кеңес мүшелері,аудандық мәслихат депутаттары және БАҚ өкілдері ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.
Сондай ақ отырыста Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына дайындық жұмыстары туралы баяндалды.

Пікірлер (0)
Әкімдердің 2020 жылы есеп беру кездесуіне халықтан түскен ұсыныс, ескерту және пікірлерге арналған жәшіктердің Абай ауданы бойынша орналасуы туралы мәлімет

Пікірлер (0)
“Ашық әкімдік” фронт-офисінде ауыл тұрғындарын қабылдадым.

Бүгін аудандық “Ашық әкімдікте” кестеге сәйкес қабылдауға жазылған ауыл тұрғындарымен кездесу өткіздім. Қабылдауға келген азаматтардың жеке мәселелері бойынша өтініштерін қабылдап, жауапты тұлғаларға мәселенің шешілуі бойынша тапсырмалар бердім. Тұрғындармен ашық қарым-қатынас, толғандырып жүрген сұрақтарға жауап беру бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Пікірлер (0)
Халық алдында есеп беру кездесулерімнің кестесі.

Пікірлер (0)
“Жаңа жыл” мерекесі қарсаңында ауданымыздың елге еңбегі сіңген бірқатар ақ жаулықты аналарына барып,мерекемен құттықтап, құрмет көрсетіп,сый-сияпат жасадым.

“Жаңа жыл” мерекесі қарсаңында ауданымыздың елге еңбегі сіңген бірқатар ақ жаулықты аналарына барып,мерекемен құттықтап, құрмет көрсетіп,сый-сияпат жасадым.

Халық арасында елге сыйлы,қашан да ауданымыздың өсіп өркендеуіне ақ тілегін арнап отыратын Шайза Кәрімбердина,Лимаш Кеңгірбай,Роза Телібаева сынды асыл әжелеріміз Абай елінің аяулы аналары.
Жастары 90-нан асқан ақ жаулықты аналары Абай ауданындағы игілікті іс шараларға ізгі ниеттерін білдіріп,ризашылықпен ақ батасын берді.

Пікірлер (0)